Алматы облысында дропперлік үшін алғаш рет қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
банковские карты
фото: shutterstock

Алматы облысында дропперлік жасады деп 232-1-бап бойынша алғаш рет сотқа тергеп-тексеру басталды. Бұл жайлы облыстық прокуратурадан хабарлады.

Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының алаяқтарға ұрланған қаражатты аударуға делдал болған. Әйел адам OLX сайтындағы «онлайн-төлемдер операторы» туралы жалған хабарландыруға алданып, өз банк картасын қылмыскерлерге пайдалануға берген.

Қыркүйектен бастап оның шотына 2 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Оның 5 пайызын әйел «комиссия» ретінде өзіне қалдырып, қалған қаражат алаяқтардың есепшоттарына аударылған.

Қазір Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйектен бастап дропперлікті қылмыс деп таниды. Өзінің есепшоты мен банк картасын бөтен адамға берген адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады

Заң бұзғандар 160 АЕК (629 120 теңге) айыппұл салынып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз