
Freedom Ticketon 27–30 қараша аралығында ең көп касса жинаған фильмдердің тізімін жариялады. Анимациялық «Аңдар шаһары 2» (Зверополис 2) фильмі Қазақстан прокатында жарқын рекорд орнатты. Картина алғашқы аптада 989 920 997 теңге жинады.
«Аңдар шаһары» өзінен кейінгі туындыларды айтарлықтай артта қалдырды.
Екінші орында – екі аптадан бері көрсетіліп жатқан «№37» фильмі – 147 694 300 теңге жинаған. Үшінші орынға «Иллюзия обмана 3» жайғасып, үш апта ішінде 142 691 640 теңге табыс көрсеткен. Қазақстандық фильм «BAYGUYS» прокатқа енген алғашқы аптасында 91 904 800 теңге жинап, рейтингтің төртінші позициясына тұрақтады.
Бокс-офистің алғашқы ондығында «Ауыр», «Алло», «Жездуха Кореяда», «Злая. Часть 2» және «Шай в большом городе» фильмдері де бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Аңдар шаһары 2» мультфильмін қазақ тіліне дубляждалған актерлер туралы жазған едік.