
Ресейлік Lit Energy медиафутбол клубының президенті, блогер Михаил Литвин YouTube арнасында жаңа видео жариялады. Ол өзге блогерлер ұсынған бірнеше тапсырмаларды орындаған. Сол челлендждердің бірі: бұрын ешкім сынап көрмеген әлемдік рекорд орнату болды.
Блогер командасымен бірге футбол ойнауға арналған арнайы алаң дайындап, оны әуе шарының көмегімен 1700 метр биіктікке көтерді. Конструкцияның өзі 36 метрлік әуе шарына бекітілген.
Жобаға 30 млн рубльден астам қаржы жұмсалғаны айтылады.
Литвин рекордты ресми тіркеу мақсатында Ресей рекордтар кітабының өкілін шақырған. Сарапшының айтуынша, дәл осындай биіктікте футбол ойнау талпынысы әлемде бұрын-соңды болмаған.
Айта кетейік, Гиннес рекордтар кітабында бұл категория бойынша қандай да бір рекорд тіркелмеген.