Екі жасар қыз бассейннен жыныстық инфекция жұқтырып алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Талдаулар қызда саңырауқұлақ бар екенін көрсеткен / фото: ашық дереккөзден
Талдаулар қызда саңырауқұлақ бар екенін көрсеткен / фото: ашық дереккөзден

Екі жасар қыз бассейннен жыныстық инфекция жұқтырып алды. Оқиға Ресейдің Краснодар өлкесінде болған.

Shot Telegram-арнасының хабарлауынша, бүлдіршінге жеке бассейнде жыныс мүшелерінің саңырауқұлақ инфекциясы жұққан.

Қыздың анасы оны жүзуді үйренуі үшін «Облака сити» деп аталатын жеке бассейнге берген. Сегіз сабақтан кейін әйел қызының жыныс мүшелерінде бөртпе пайда болғанын байқап қалған.

Бастапқыда оны аллергия деп емдегенмен, ауру белгілері басылмаған. Кейін талдаулар қызда саңырауқұлақ бар екенін көрсеткен. Ауруды емдегеннен кейін қыздың дене қызуы көтеріліп кеткен. Дәрігерлер инфекцияның несеп-жыныс жолдарына дейін жеткенін, сондай-ақ иммунитеттің төмендеуінен боковирус пайда болғанын анықтады.

Қазіргі уақытта зардап шегуші үйде антибиотиктер және бүйрекке арналған препараттармен емделіп жатыр. Баланың талдаулары әлі де нашар. Оның анасы құзырлы органдарға арызданыпты.

Айта кететін жайт, Қырғызстанда 15 183 адамның жыныстық қатынас арқылы иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз