Экспортқа шектеуді ет қымбаттап кетпес үшін енгіздік – вице-министр

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі мал шаруашылығы дамып жатқанымен, қажетті қарқын әлі де жоқ деп есептейді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов үкіметтегі брифингте ет өндірісінің жағдайы туралы айтты. Оның сөзінше, мал шаруашылығы – қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі, алайда әзірге қалаған деңгейдегі өсім байқалмайды. Сұлтанов барлық салалар мемлекеттік қолдау мен қаржыландыруға ие болатынын, соның ішінде экспортты қолдау шаралары қарастырылатынын атап өтті.
«Орта Азия нарықтарында біздің етке деген үлкен сұраныстың барын көріп отырмыз. Қытаймен ынтымақтастық ашылып жатыр, ал Түркия нарығы біз үшін сиыр етінің жоғары бағасына байланысты жайлы. Біз үшін басты міндет – сыртқы сұраныс ішкі бағаларға әсер етпесін дейміз. Мұны қалай іске асырамыз? Мал басын көбейту арқылы атқарамыз», – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, биыл асыл тұқымды да, тауарлы да мал басын сатып алуға арналған қаржыландыру бағдарламасы іске қосылады. Сондай-ақ субсидиялау нормалары да ұлғайтылған. Бұл шаралар мал басын қысқа мерзімде арттыруға және консерві өнімдерін өндіру үшін ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге тиіс.
Өзбекстан азаматтарының сұранысына қатысты Сұлтанов бұл дерек рас екенін және өнімнің жоғары бағалануы қазақстандық аграршыларының еңбегінің нәтижесі екенін айтты. Себебі ет экологиялық таза және жасанды қоспаларсыз премиум санатқа жатады.
«Біз ішкі нарығымыздың экспорт бағасына тәуелді болуына жол бермеуіміз керек. Баға тұрақты болып, күрт қымбаттамауы тиіс. Сондықтан біз ет экспортына шектеулер енгіздік. Бұл шаралар өз нәтижесін беріп жатыр», – деп түйіндеді вице-министр.
Үкіметтегі брифинг жалғасып жатыр.