Ерекше балаларды қорлаған әйелге айыппұл салынды

Астана қаласының соты ерекше қажеттілігі бар балаларға қорлайтын сөз айтқан әйелге 78 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қалалық соттың ақпаратына сүйенсек, Instagram желісіне ерекше қажеттігі бар адамдарды қорлайтын бейне жариялаған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істі 2 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотты қараған.
Сот дерегінше, әйел бейнероликте бейәдеп және қорлайтын сөздер айтып, ерекше қажетті бар балаларды қорлаған.Оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде («Ұсақ бұзақылық») көзделген құқық бұзушылық ретінде танылды.
Сот оны кінәлі деп тауып, оған 20 АЕК, яғни 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды. Жаза мөлшерін анықтау кезінде оның кәмелетке толмаған баласының бары ескерілген.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.