Іздеуде жүрген Қанат Қожамжаров Мәскеуден табылды – БАҚ

Іздеудегі Қайрат Қожамжаров Ресей Федерациясының аумағында жүргені туралы ақпарат тарай бастады.
Ол Қаржы полицияның бұрынғы басшысы, бас прокурор, сондай-ақ Ақмола облысының әкімі, сенатор, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және тағы да басқа жоғары лауазымдарды атқарған.
Elmedia дерегіне қарағанда, Мәскеуге жыл басында барып тұрақтаған. Ол Ресей астанасына «сүйікті әйелі» қостанайлық Маргарита Александровамен бірге келген. Қайрат Пернешұлы одан екі бала сүйген көрінеді. Қазір олар мәскеулік гимназияда оқиды. Ол әкелік міндетін адал атқарып, балаларын мектептен өзі алып, VIP-фастфудтан тамақ әперіп, үйге метро арқылы жеткізіп тұрады.
Бақылаушылардың айтуынша, Қайрат Пернешұлы өте сақ жүріп, үнемі жан-жағына қарап, белгісіз себеппен телефонында SIM-карталарын жиі ауыстырып отырады.
«Демек, тіпті өз курстасы, РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев «қорғауға» алса да, өзін толық қауіпсіз сезінбейтін секілді», – деп тұжырым жасайды басылым.
Кей деректер бойынша, Қожамжаров Қайрат Пернешұлы қызметте жүрген жылдары жарты миллиард долларға дейін қаржы жинап үлгерген.
Мұның алдында Қаржы полициясының экс-басшысы Қожамжаровқа қатысты тергеу басталған болатын.