Жаңалықтар

Павлодар облысы әкімінің әпкесі мас күйінде көлік жүргізген

Павлодар облысы әкімі Асайын Байхан / фото: facebook.com
Павлодар облысы әкімі Асайын Байхан / фото: facebook.com

Павлодар облысы әкімінің әпкесі Айгүл Байхан мас болып көлік жүргізгені үшін ұсталды. Әкімнің өзі Асайын Байхан бұл іске қатысты пікір білдірді.

«Менің әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азамат заң алдында тең. Менің әпкем де, барлық отбасы мүшелері сияқты, бұл қағидаттан тыс емес», – деп жазды ол тредстегі парақшасында.

Шенеуніктің әпкесіне қатысты әкімшілік іс Екібастұздағы қалалық сотта қаралды. Қаулыда жазылғандай, екі патруль қызметкері Петренко көшесінде көлік жүргізген әйелді тоқтатқан. Одан алкоголь иісі сезілгендіктен, бірден медициналық тексеруге жібереді. Дәрігерлердің сөзінше, жүргізуші масаң күйде болған.

Көлікті мас күйде жүргізуіне байланысты полицейлер әкімшілік хаттама толтырды.

Сот отырысында Асайын Байхановтың әпкесінен де жауап алды. Ол ішімдік ішкенін мойындады, бірақ көлік басқармағанын айтты.

Сот айыпталушының кінәсі дәлелденді деп тауып, 15 тәулікке қамады. Жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды,

Мұның алдында астаналық судья Әсел Досаева мас болып және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін ұсталғанымен, әлі де өз қызметін атқарып жүргені туралы ақпарат тараған еді.