
Алдағы 7 жылда электр энергиясы тарифі өспеуі мүмкін. Энергетика министрлігі тарифті 2026–2032 жылдары 2025 жылғы деңгейде сақтауды ұсынады.
Министрлік арнайы бұйрық жобасын дайындап, оны «Ашық НҚА» порталында жариялады.
«…осы бұйрықпен 2026-2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді 2025 жылғы электр энергиясына шекті тарифтер деңгейінде бекіту көзделген», – делінген түсіндірме жазбада.
Бұл ретте, шекті тарифтерді на 2026-2032 жылдарға бекіту шекті тарифтердің 2025 жылғы деңгейінде бекітілуіне байланысты бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етпейтінін атап өткен.
«Электр энергетикасы туралы» заңға сәйкес шекті тарифтер әр жеті жыл сайын бекітіледі. Қазіргі тарифтер 2018 жылы бекітілген және 2025 жылдың соңына дейін қолданыста болады.
Қазақстан 2029 жылы электр энергиясы тапшылығын толық жоюды жоспарлап отыр.