ҚТЖ-ның еншілес компаниясы 1,4 млрд теңге айыппұл төледі

«КТЖ – Жүк Тасымалы» компаниясы 1,42 млрд теңге айыппұл төледі. Ол өзінің нарыұтасы басым жағдайын пайдаланған.
Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұлттық тасымалдаушының еншілес компаниясына қатысты жүргізілген тексеруді аяқтады. Тергеу жеке экспедиторлар, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның экспедиторлар қауымдастығынан түскен шағымдардан кейін басталған еді.
Зерттеу нәтижесі компания жоспар құру кезінде өзіне қарасты «KTZ Express» пен «КедентрансСервис» компанияларына басымдық бергенін көрсетті. Мұндай тәсіл жеке нарық қатысушыларының жұмысын қиындатып, жоспарларды келісу барысында түрлі тосқауылдардың пайда болуына әкелген.
Сот мұны басым жағдайды теріс пайдалану деп танып, ұйымға 1,42 млрд теңге көлемінде айыппұл салды. Компания шешімге шағым түсіргенімен, апелляциялық сот бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Айыппұл бюджетке толық төленді.
Қызметкерлеріне дөрекі сөйлеген видеосымен танылған Асан Үмбетов жақында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның директоры атанған.