Путин Мәскеуде Трамп елшілерімен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуге келген америкалық келіссөз жүргізушілермен кездесуді бастады. Кремльге арнайы елші Стивен Уиткофф және АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер келген.
ТАСС хабарлауынша, келіссөздердің негізгі тақырыбы – Украинадағы соғысты тоқтату бойынша АҚШ ұсынған 28 тармақтан тұратын Бейбітшілік жоспары.
Кремль кездесудің қатаң уақыт ережесі жоқ және «қажет болғанша» жалғасады деп мәлімдеді. Путин мен америкалық эмиссарлар бұрын Киев пен Вашингтон арасында бейбіт келіссөздерге дайындық кезінде қол жеткізілген келісімдерді талқылауға мүмкіндік алады.
Reuters Путин Кремльде АҚШ президенті Дональд Трамптың екі ықпалды елшісімен кездескенге дейін Украина бойынша еуропалық ұсыныстардан бас тартқанын хабарлады.
Трамп соғысты тоқтатқысы келетінін мәлімдеді, бірақ оның осы кезге дейінгі жұмысы, соның ішінде Путинмен тамыз айында Аляскада өткен саммит және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесулер әлі бейбітшілікке әкелген жоқ.
«Коммерсант» хабарлауынша, бұл Стив Уиткоффтың Трамп әкімшілігі АҚШ билігіне келгеннен кейінгі Мәскеуге алтыншы сапары. Қонақтар мейрамханада Michelin жұлдызымен кешкі ас ішіп, Мәскеуде серуендеп, содан кейін Кремльге барғаны белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қарашада Зеленский Трамп әкімшілігінен Ресеймен соғысты аяқтау жоспарының жобасын алды. Құжат 28 тармақтан тұрады, олардың ішінде АҚШ Украинаға тиесілі Қырым, Донецк пен Луганск облыстарын Ресей жері деп танығысы келеді.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын Дональд Трамппен талқылаудан бұрын Украина халқына үндеу жасады.