Қайрат Нұртастың әкесі балдызының қылығын ұнатпай қалды (видео)

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков балдызы Анелия Үсенованың қылығын ұнатпай қалды.
Ол қазіргі жастардың музыкалық талғамы мен танымал әндердің мәтініне көңілі толмайтынын жеткізді.
«Балдызым, айналайын жастар-ай, мен әжептеуір терме тыңдап келе жатсам, «айфон купи, за ресторан плати»… Не дейді? Қызды шақырған жігіт онсызда өзі төлейді. Қызға төлетпек түгілі, қыздың кешке шығып сенімен, ресторанға барғанына қуанушы едік. Ақшамыз болмаса, 20 тиынға болса да, балмұздақ әперіп, қолымыз қолыңа тиіп кетсе, сол кеште қолымызды 10 күн жумай жүретін едік. Ой, жастар-ай!» – деп қағытты Нұртас Айдарбеков.
Әрине, балдызымен қалжыңдасу – қазақтың ежелгі дәстүрі. Қайрат Нұртастың әкесі осы дәстүр бойынша әзілдесе де, шын ойын жеткізгені аңғарылатындай.
«Аға-ау, қазіргі жастар терме емес, дыкс-дыкс деген мағынасы жоқ әндер тыңдайды. Домбырамен айтылатын әндер, термелер – жанға, жүрекке тыныштық сыйлайтын, мағыналы, құдіретті әуендер», – деп қолдау білдірді оқырмандары.
Мұның алдында Гүлзира Айдарбекова Нұртас Айдарбековке сезімін білдіріп, ризашылығын жеткізген еді.