Қытай халық санын көбейту үшін мүшеқапқа салық салды – Bloomberg

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұл тауарларға Қытайда 1993 жылдан бері салық салынбаған / фото: shutterstock
Бұл тауарларға Қытайда 1993 жылдан бері салық салынбаған / фото: shutterstock

Қытай халық санын көбейту үшін 30 жылда алғаш рет мүшеқапқа салық салды. Демек, бұл – тауардың бағасы қымбаттайды деген сөз.

Bloomberg мәліметінше, Қытай контрацептивтерге, соның ішінде мүшеқаптар мен жүктіліктің алдын алатын дәрі-дәрмектерге 13 пайыз қосылған құн салығын енгізеді.

Бұл тауарларға 1993 жылдан бері, «бір отбасы – бір бала» саясаты кезеңінен бастап салық салынбайтын еді.

Бұл – Қытай билігінің туу санының күрт төмендеуін тоқтатуға арналған жаңа талпынысы. Өйткені, ел халқы үшінші жыл қатарынан азайып келеді. Мысалы, 2024 жылы 9,54 миллион адам ғана дүниеге келген. Бұл он жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе аз.

Жаңа салық қаңтар айынан бастап күшіне енеді.

7 қарашада Қазақстан халқының саны 161 мың адамға көбейгені туралы ақпарат шықты.

Сондай-ақ оқыңыз