Ресей азаматы мен қазақстандық бизнесмендерге тиесілі компания KASE-ден кетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Беңқала» компаниясы қор биржасынан делистинг жасайды / Фото: kursiv.media архиві, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей азаматы мен қазақстандық бизнесмендерге тиесілі компания «Беңқала» тау-кен компаниясы KASE биржасынан ерікті делистинг жасайды. Бұл шешімді компанияның акционерлері мақұлдаған.

«Акционерлер, оның ішінде KASE ресми тізімінен қоғамның жай акцияларының ерікті делистингін жүзеге асыру туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Компания акциларының 70%-ы AMROS GROUP B.V. арқылы Ресей азаматы Наталья Смирноваға тиесілі. Ал 20%-ын Forbes тізімінде 21-ші орында тұрған Владимир Жұманбаев иеленсе, ал 10%-ы кәсіпкер Дәурен Оразаевтың меншігінде.

Қаржыгер Арман Батаев биыл KASE биржасыннан делистинг жасаған оныныншы компаниая екенін атап өтеді.

«Беңқала» тау-кен компаниясы 2024 жылы 344 млн теңге шығынға ұшыраған. Компанияның жағдайы соңғы бір жылда біршама жақсарғанымен, таза пайдаға әлі шықпаған. Компания Ақтөбе облысындағы кен орнынан ашық тәсілмен темір кенін өндіріп, өңдейді.

Сондай-ақ оқыңыз