Депутат Ринат Зайыттың отбасы қара жамылды
Жарияланды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыттың анасы қайтыс болды. Қаралы хабарды әріптесі Мақсат Толықбай Instagram парақшасында жариялап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.
«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін», – деп жазды Толықбай.
Қаралы хабарды естіген өнер өкілдері мен көпшілік желіде көңіл айтып, отбасының қайғысына ортақтасып жатыр.
Марқұмның жаназа рәсімі мен жерлеу уақыты Семей қаласында өтетіні белгілі болды.