Lifestyle

«Өзге планета»: ағылшын фотографы Маңғыстау табиғатын Марсқа балады (фото, видео)

Маңғыстау Бозжыра Джордж Купер
фото: facebook.com/georgecooperphoto

Ағылшын фотографы Джордж Купер Маңғыстау табиғатына тамсанып, өміріндегі ең үздік суреттерін Қазақстанда түсіргеніне мәз. Kursiv.Media шынымен ғажап туындылардың бірқатарын назарыңызға ұсынады.

Ұлыбританияның Манчестер қаласында тұратын Джордж Купер он жылдан астам уақыттан бері сұлу табиғатты суретке түсірумен айналысады. Жақында ол Қазақстанда, Маңғыстау өңірінде болды.

«Әлемдегі ең теңдессіз таулардың бірі Қазақстанда орналасқан. Жақында мен осы елдің батысындағы Маңғыстауға сапарымнан оралдым», – деп жазды фотограф.

Маңғыстау Бозжыра Джордж Купер
фото: facebook.com/georgecooperphoto

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалы, Қарынжарық ойысы, Боқты тауы және басқа да жерлерде түсірілген керемет суреттерді Купер бір аптадан бері әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Маңғыстау Бозжыра Джордж Купер
фото: facebook.com/georgecooperphoto

Әлемнің түрлі елдерін аралап, мыңдаған пейзажды бейнелеген фотограф өміріндегі ең үздік суреттерді Қазақстанда түсіргеніне мәз.

«Қызығы мен қиындығы мол сапар болды. Бірақ дәл осы сәттерде мен өмірімдегі ең үздік суреттерімді дүниеге әкелдім», – дейді Купер.

Маңғыстау Бозжыра Джордж Купер
фото: facebook.com/georgecooperphoto

Фотограф желіге жариялаған суреттерін «Марс емес – Қазақстан», «өзге планета» деп сипаттап жатыр. Туындылар Купердің Instagram-дағы парағына да ілінді.

Маңғыстау Бозжыра Джордж Купер
фото: facebook.com/georgecooperphoto

Әлеуметтік желі қолданушылар да суреттерге тамсанды. Купер Қазақстаннан өте көп материал жинап келгеніне мақтанды.

«Алдағы бірнеше апта бойы теңдессіз ғажап елде түсірілген суреттерді асқан ыждағаттықпен жариялап отырамын», – деп жазды ол Facebook-тегі парағына.

Маңғыстау Бозжыра Джордж Купер
фото: facebook.com/georgecooperphoto
Маңғыстау Бозжыра Джордж Купер
фото: facebook.com/georgecooperphoto

Сонымен бірге ағылшын фотографы Маңғыстауға сапарынан видео жариялап, оны «Өзге планетаға қош келдіңіз!» деп айдарлады.

Бозжыра шатқалы – Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан табиғи нысан. Үстірттен тасқа теңіз жәндіктерін, тіпті Мезозой дәуіріндегі акуланың тісін де табуға болады.

Боқты тауы – мемлекет қорғауындағы табиғат ескерткіштерінің бірі. 165 метрлік тау бейнесі 1 мың теңгелік банкнотада бейнеленген.

Қарынжарық – Маңғыстау түбегі мен Үстірт аралығында орналасқан тұзды алқап. Ойпаттағы Қарамая тауы шамамен 70 млн жыл бұрын жанартау жарылысынан пайда болған.

Фотографтар жұмысына қызықсаңыз, Жидебайдағы құсбегілер турнирінде түсірілген суреттерді тамашалаңыз. Жарысқа жүз шақты жыртқыш құс қатысқан.