Samsung үш бүктелетін Galaxy Z TriFold смартфонын таныстырды

Жарияланды 2 Желтоқсан 2025 09:11

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Galaxy-Z-TriFold samsung самсунг үш экран смартфон бүктелетін
фото: samsungmobilepress.com

2 желтоқсан, сейсенбі күні Samsung үш бүктелетін Galaxy Z TriFold смартфонын бүкіл әлемге таныстырды. Компания «жаңа өнімді мобильді инновацияның болашағы» деп атады.

Қазақстанға қашан келеді

Оңтүстік Кореяда өндірілген жаңа модель 12 желтоқсанда ішкі нарықта сатыла бастайды. Жыл аяғына дейін Қытай, Сигапур, Тайвань және Біріккен Араб Әмірліктеріне шығады. 2026 жылдың алғашқы жартысында АҚШ-та саудаға түседі.

Смартфон Қытай мен БАӘ-ге жеткен уақытта, Қазақстанда да сатыла бастауы тиіс.

Бағасы

Galaxy Z TriFold шамамен 3,59 млн вон, яғни 2440,17 доллар тұрады. Қазіргі бағаммен есептер болсақ, оны кем дегенде 1 млн 255 мың теңгеге сатып ала аласың. Иә, қымбат, себебі корпусы титаннан жасалған.

Galaxy-Z-TriFold samsung үш бүктелетін үш экраны бар смартфон
фото: samsungmobilepress.com

Ерекшелігі

Смартфон үш экраннан тұрады, соған байланысты үш бүктеледі. Ол бұған дейінгі екі бүктелетін Galaxy Z Fold 7 моделінен шамамен 25%-ға үлкен.

Тағы бір артықшылығы – 30 минуттың ішінде телефонды 50%-ға қуаттап үлгеруге болады, яғни тез қуатталады деген сөз.

Samsung үш бүктелетін смартфон шығару арқылы әлемге жаңа технологияны паш етіп отыр.

Galaxy-Z-TriFold-samsung үш бүктелетін смартфон
фото: samsungmobilepress.com

Экраны 25 сантиметрлік ең үлкен смартфон жұмыс істеуге ғана емес, сапасы жоғары фото мен видео көруге де ыңғайлы. Самсунг оны жасанды интеллектімен жұмыс істеуге арналған баға жетпес құрал деп сипаттады.

Сондай-ақ оқыңыз