Жаңалықтар

Тұрақты табысы жоқ азаматтардың тұтынушылық кредит алуы қиындайды

В Казахстане не будет новой кредитной амнистии
Тұтынушылық несие беру талаптары қатаңдайды / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторына арналған маңызды өзгерістер пакетін ұсынды. Негізгі мақсат – тұтынушылық тәуекелді бақылау және нақты секторды, әсіресе, шағын және орта бизнесті несиелеуді ынталандыру.

Ең басты жаңалық – табысы ресми расталмаған ірі көлемдегі кепілсіз тұтынушылық кредиттерге 350% мөлшерінде жоғары тәуекел коэффициентінің енгізілуі. Бұл шара банктерді тәуекелі жоғары сегментте абай болуға міндеттейді.

Сонымен қатар несие беру кезінде банктер енді клиенттің кірісі, қарыз жүктемесі, активтері мен салықтық деректерін тереңірек тексереді.

Экономиканы қолдау мақсатында өтімділік нормативі – LCR 2027 жылдың соңына дейін 0,9 деңгейінде сақталады. Бұл банктерге несие беруді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнеске берілетін кредит бойынша қолданыстағы жеңілдік коэффициенттері өзгеріссіз қалады: стандартты кредиттерге – 50%, ал «Даму» қоры мен «Қазақстанның даму банкі» кепілдігімен қамтамасыз етілген займдарға – 25%. Сол талаптар исламдық банктерге де қолданылады.

Жаңа өзгерістер қатарында шетелдік банктердің кепілдіктеріне қойылатын талаптар нақтыланды: енді олар A және одан жоғары рейтингке ие ұйымдардан ғана қабылданады.

Агенттік аталған өзгерістер бюджетке қосымша шығын талап етпейтінін және әлеуметтік-экономикалық кері әсер тудырмайтынын атап өтті. Жаңа нормалар банк жүйесінде тұтынушылық тәуекелдерді шектеу мен шағын және ора бизнесті қолдау арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған.

Қазақстанда қарыз алушылардың жартысына жуығында (49%) төрт және одан да көп қолданыстағы несие бар. Халықтың мойнындағы борыш жүктемесі 25 трлн теңгеден асып кеткен.

Енді банктер алған кредитін – 1 ай, ал МҚҰ-дан алған қарызын 1 күн кешіктіргендерге қайтадан несие берілмейді.