
Vlast сайтына бірнеше күн қатарынан кибершабуыл жасалып жатыр. Бұл жайлы редакция телеграм арнасында жазды.
«Vlast сайты жаппай DDoS-шабуыл салдарынан тұрақсыз жұмыс істеп тұр. Шабуыл бірнеше күн қатарынан жасалып жатыр, бүгін ең ірісі болды. Техникалық мамандар DDoS-шабуылды қайтару үшін жұмыс істеп жатыр», – деп ескертеді сайт редакциясы.
Қазір ресурс істеп тұр. Жаңалықтар лентасында соңғы ақпарат бір сағат бұрын шыққан.
Бұған дейін құзырлы органдар Orda.kz редакциясында тінту жасап, журналистерінен жауап алғанын жазғанбыз. Сайт құрылтайшысының бірі Гүлнар Бажкеноваға қылмыстық іс қозғап, екі айға үй қамаққа алуға санкция берілген.
Бұл жағдайға отандық БАҚ өкілдерінің реакциясы қандай болғанын мына жерден оқи аласыз.