Kia Seltos-тың жаңа буыны шығады

Kia компаниясы Seltos кроссоверінің екінші буынына арналған алғашқы суреттерін жариялады. Жаһандық нарыққа арналған модель үлкен Telluride стилінде мүлде жаңа сыртқы келбетке ие болады. Сонымен қатар, X-Line және GT-Line нұсқалары ұсынылады деп күтілуде. Жаңа модельдің тұсаукесері бір апта ішінде өтеді.
Ресми мәліметке сәйкес, жаңа Seltos моделі енді жол талғамайтын көліктердің элементтері мен заманауи электромобильдердің аэродинамикасын ұштастырады. Бұл бағытта, мысалы, сыртына шығатын есік тұтқалары жұмыс істемек. Суреттерге қарап бағамдасақ, Seltos-тың жаңа буыны тік әрі айқын пішінді болады. Радиатор торы үлкейіп, тік жарықдиодты күндізгі шамдар мен артқы шамдар секілді жарық элементтері брендтің қазіргі стилінде орындалады. Жалпы силуэті бойынша Seltos электромобиль EV5 моделіне ұқсас.

Жаңа буын Seltos-қа заманауи әрі технологиялық сипат беріледі деп күтілуде. Бұл, ең алдымен, жаңартылған цифрлық интерьер, жаңа медиасервистер мен жүргізушіге арналған көмекші жүйелердің кеңейтілген жиынтығы арқылы көрініс табады. Сонымен қатар, Kia Seltos-тың гибридті күштік қондырғы алуы мүмкін, ол брендтің өзге ұқсас өлшемдегі модельдерінен алынуы ықтимал. Дегенмен, модель дәстүрлі іштен жану қозғалтқыштарын да сақтап қалуы ықтимал.

Актуалды Seltos моделі нарыққа алты жыл бұрын шыққан. Қазақстанда бұл көлік қазір 149 ат күшін беретін 2 литрлік қозғалтқышпен, вариатормен және алдыңғы немесе толық жетекпен ұсынылады. 2022 жылы модельге рестайлинг жасалған. Қазір ресми нарықта көліктің төрт жинақтамасы бар, бағасы 13,9 млн теңгеден басталып, 17,6 млн теңгеге дейін жетеді. Айта кетейік, осы модель Қытайдан KX3 атауымен жеке импорттаушылар арқылы да жеткізіледі, олардың бағасы 11 млн теңгеден басталады.
Еске салайық, Қазақстандағы ресми автодилерлер қараша айының ортасынан бастап қомақты жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар әзірледі. Оның ішінде Kia арнайы несие бағдарламаларын ұсынды. 4%-дық мөлшерлеме, 50% алғашқы жарна, жалпы мерзімі 7 жыл. Жеңілдік пен жеңілдетілген несие сатып алушыларға айтарлықтай тиімді болып отыр.