
Жаңа Зеландияның Окленд қаласында ер адамға әшекей дүкенінде ерекше тәсілмен ұрлық жасағаны үшін айып тағылды.
Ол 33 585 жаңазеландиялық доллар, яғни 19 300 АҚШ доллары тұратын Фаберже жұмыртқа-медальонын жұтып қойған.
BBC ақпаратына қарағанда, жұма күні түсте полицияға Окленд орталығындағы Partridge Jewellers зергерлік дүкенінен қоңырау түскен. Қызметкерлердің айтуынша, келуші кулонды алып, жұтып жіберген. 32 жастағы ер адам бірнеше минуттан кейін дүкеннің ішінде ұсталды. Ол медициналық тексерістен өтіп, қамауға алынған.
Полицияның мәліметінше, жұтылған әшекей әзірге табылған жоқ.
Бұған дейін, Луврдағы ұрлыққа қатысы бар тағы төрт күдікті ұсталған еді.