
Астананың Сарыарқа ауданындағы Бекетай көшесінде қатар тұрған екі ғимарат отқа оранып, өрт сөндірушілер арнайы штаб құрды, деп хабарлайды Төтенше жағдарлай министрлігі.
«Осы сәтте Астанадағы Сарыарқа ауданында, Бекетай көшесіндегі ғимараттардың бірінде шыққан өртті өрт сөндірушілер сөндіріп жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Ақпаратқа сүйенсек, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы гаражда екі автокөлік жанып жатқан. От көршідегі төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін жайылып кеткен.
Қалалық төтенше жағдай департаменті оқиға орнында жедел штаб құрып, өрт сөндірудің 2 учаскесі ұйымдастырған. Ғимараттарға оқпандар енгізіліп, су жеткізу қызметі іске қосылған.
Өрттің одан ары тарамуы үшін әрі қиын аймақтарға қол жеткізу үшін шатырды қиратқан. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары қауіп дәрежесінде жұмыс істеуде.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.