Алғабастағы өрт: аман қалған 2 адам ауруханадан шықты

18 қараша күні таңсәріде Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында болған өрттен аман қалған екі адам үйіне шығарылды. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Жалпы өрттен 3 адам аман қалған болатын. Олардың бірі 7 жасар бала 30 қараша күні жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Ол аман қалған ерлі-зайыптының қызы болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «балаға көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешеніне қарамастан, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады» деген еді.
19 қараша күні өрттен құтқарылған 3 адамның денсаулығы ауыр екені мәлім болған. Кейіннен науқастар есін жиғаннан соң, Шымкенттегі арнайы емдеу орналығына жеткізілген болатын.
Алғабастағы өрттен 13 адам мерт болды. Олардың 10-ы – бала. Үшеуі үй иесі, оның анасы мен әйелі. Аман қалған екі адам үй иесінің ағасы мен жеңгесі. Олар да осы өртте 5 баласынан айырылды.