Енді кейбір тақырыптарға петиция жариялауға болмайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
онлайн петиция
фото: epetition.kz сайтынан

Елдегі петицияға өтінім беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бүгін мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Әкімшілік кодекске ұсындай норма енгізуді ұсынды.

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске петицияға қойылатын талаптарды күшейтетін түзетулер енгізілді. Қоғамды дестабилизациялауға әкелуі мүмкін теріс пайдалануларды болдырмау мақсатында петицияның нысанасы бола алмайтын мәселелер тізбесі нақтыланып, кеңейтілді», – деді ол баяндамасында.

Депутат петиция жасауға болмайды, тыйым салынады дейтін тақырыптар қатарына жеке және заңды тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға әкелуі ықтимал мәселелер, амнистия мен кешірім жасау, соғыс, зорлық-зомбылық, қатыгездік насихаты, нәсілдік немесе діни араздықты, экстремизм мен сепаратизмді қоздыру және өзге де дұшпандық әрекеттер, есірткі құралдарын тарату немесе насихаттаудың кез келген түрлері және басқа да бағыттар кіреді.

Осыған дейін қарашада қазақстандықтар Бурабайда казино салуға қарсы петиция жариялады.

Ал қыркүйекте электросамокаттарға тыйым салуға қарсы петиция бастады.

Сондай-ақ оқыңыз