Lifestyle

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасқа “халық әртісі” атағын беру мәселесін көтерді

Гүлзира Айдарбекова «арқа сүйер асыл жарына» алғыс айтты / фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова / фото: Instagram

Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында әнші Нұрлан Еспановтың Қайрат Нұртас туралы айтқан оң пікірін бөлісіп, алғысын білдірген. Продюсердің жазбасы желі қолданушылары арасында бірден қызу талқылауға түсті.

«Мойындаудың өзі ерлік қой. Нұрлан інім – ақ жарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін адам. Бәрін жасырмай айтады. Қайрошымды мақтағаны үшін емес, жалпы осындай шынайылығы үшін рақмет. Ешкімге зияны жоқ, кімді де болса ренжітпейді. Өмірді кинодағыдай сүре біледі. Алла бақ берсін!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары бұл жазбаны продюсердің Қайрат Нұртасқа «халық әртісі» атағын беру жайлы жанама түрде талап етуі деп бағалап жатыр.

Бұған дейін, Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков балдызының қылығын ұнатпай қалған еді.