Жаңалықтар

Астанада кондиционер құлап қайтыс болған фельдшерге ескерткіш орнатылады

Фото: әлеуметтік желідегі парақшадан

Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, басына кондиционер құлап қайтыс болған фельдшерге ескерткіш орнатылады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«Біз (Ұлдана Мырзуан) оқыған медициналық колледжде оның атына аудитория ашу бастамасын көтеріп отырмыз. Әлбетте, бұл өте қайғылы оқиға. Сонымен қатар оның аты ұмытылмас үшін ескерткіш орнатқымыз келеді», – деді Ақмарал Әлназарова.

8 қарашада Астанадағы тұрғын үй қасбеті құлаған. Сол кезде көмекке келген фельдшердің басына кондиционер құлап, ауруханада қайтыс болды. Кейін әкімдік марқұм Ұлдана Қалдарханқызының отбасына материалдық көмек көрсететінін хабарлады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов кешенді сот сараптамасы тағайындалғанын хабарлаған еді. Оның ішінде кондиционерге де, құлаған қасбет те тексеріліп жатыр.