
Нұрболат Абдуллин мен Қайрат Нұртас қосылып шығарған жаңа «Қалауың болсын» әні әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Ән YouTube-платформада жарияланғаннан кейін, пікірлер бөлімі сынға толып кетті. Тыңдармандардың басым бөлігі дуэттің жаңа жұмысын сәтсіз шыққан деп бағалады.
Желі қолданушылары әншілердің дауыс үйлесімділігіне, өңдеу сапасына және орындау мәнеріне қатысты көңілі толмағанын ашық білдірген:
Мына дауыстарыңды өздерің естідіңдер ме? Тақпаққа бір дауысты қосып айта салған секілдісіңдер!», «Ән айтып керегі жоқ, әнді қор қылып біттіңдер!», «Нашар шыққан. Әркім өз стилінде айту керек сияқты»
Кейбір тыңдарман дуэттің бұрынғы хиттерімен салыстырғанда, деңгейі төмен екенін айтады. Ал енді біреулер жаңа туындыны асығыс жасалған, музыкалық сапасы әлсіз деп сынады.