Психолог кабинетінде аутизмі бар қыздың қолын сындырып тастады

Қырғызстанда аутизмі бар қыз психологтың қабылдауында зардап шеккен. Бұл іске Омбудсмен араласуды сұрап отыр.
24. kg ақпаратына қарағанда, «Бала құқықтарын қорғаушылар лигасы» қоғамдық қоры омбудсменге жүгініп, істі жеке бақылауға алуға шақырып отыр. Сонымен қатар, баланың құқықтарын қорғауды сұрады.
Қордың мәліметінше, қыздың анасы Чынара Жунусова жариялаған видеода ауыр аутизмі бар қызы жеке психологтың сабағы кезінде қатыгездікке тап болғанын айтқан.
«Анасының айтуынша, қыз ұзақ уақыт бойы ауыртатын әдістерге ұшырап келген. Ал 2024 жылдың 23 желтоқсанында оның қолы сынған. Одан кейін дерті асқынып, қатарынан бес операция жасалған. Қазір бала қатты үрейленіп, адамдарды жанына жақындатпайды және оңалтудан өтіп жатыр», – делінген ҚҚ-ның мәлімдемесінде.
Қор мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесуі тиіс адамдардың зорлық-зомбылық жасауына наразылық білдірген.
Айта кететін жайт, Түркістан облысында аутизммен ауыратын балалардың саны 5 есе өскені белгілі болды.