Жаңалықтар

Қостанайлық оқушылар апта соңына дейін онлайн оқиды

онлайн сабақ, қашықтан білім беру, дети в интернете
Қостанайлық оқушылар апта соңына дейін онлайн оқиды / unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қостанай қаласының барлық мектептерінде оқушылар апта соңына дейін онлайн оқиды. Шешім жергілікті білім бөлімінде қабылданды.

Жергілікті «Алау» басылымның ақпаратына сүйенсек, сырқаттанушылық мониторингі негізінде Қостанай қаласының барлық 37 жалпы білім беретін мектебінде қашықтықтан оқыту форматын ұзарту туралы шешім қабылданған.

«Бұл білім беру процесіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді», — деп хабарлады өңірлік білім басқармасында.

Коллежддерде ауырып жатқандардың саны 2,5 мыңнан астам адамға жеткен (жалпы студенттер санының 11%). 11 колледжде 90 топ қашықтықтан оқытылады.

Бұған дейін қашықтықтан оқыту 3 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.