Елшілік ресейліктер Ақтауда «ұшақты басып алды» деген мәліметті жоққа шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
"Pegasus Airlines" жолаушы ұшағы
фото: shutterstock

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ақтау қаласы әуежайындағы дауға қатысты мәлімдеме таратып, ел азаматтары «ұшақты басып алды» деген мәліметті жоққа шығарды. Ақпарат елшіліктің телеграмдағы парағында жарияланды.

Бұған дейін «Pegasus Airlines» түрік әуе компаниясының Ыстанбұлдан Ақтөбеге ұшқан ұшағы Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болғаны, ресейлік бірнеше жолаушы борттан шығудан тас тартқаны туралы мәлімет тараған еді.

«16 адамнан тұратын топ, оның ішінде Ресейдің 11 азаматы, ұшақтан түсіп, қонақүйге баруға келісті. Оларға 3 желтоқсанда Ақтөбеге дейін тікелей рейске билет сатып алып береді», – деп мәлімдеді елшілік.

Дипломатиялық қызмет мәліметінше, әуе компаниясының Қазақстандағы агенті – «Трансавиа» компаниясы жолаушыларды қалада қону, әрі қарай ұшу құнын мойнына алды.

Ресейдің Оралдағы бас консулдығы мен Ресейдің Қазақстандағы елшілігі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Ақтау халықаралық әуежайының ақпаратына қарағанда, түрік әуе компаниясының ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбеге қона алмай, Ақтауға қарай бет алған.

Сондай-ақ оқыңыз