Өзбекстан болашақ АЭС қызметкерлері үшін жаңа қала салады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Өзбекстан АЭС құрылыс жобасы макет
Жизақта салынатын АЭС макеті / фото: «Өзбекстан 24» сюжетінен алыған скриншот

Өзбекстанда құрылысы енді ғана басталған Атом электр станциясы (АЭС) қызметкерлері үшін 10 мың адамға арналған жаңа қала салынады. Бұл туралы өзбек президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 желтоқсанда президент Шавкат Мирзиёев Жизақ облысына сапарлап, АЭС құрылысының барысымен танысты. Шенеуніктер мемлекет басшысына атом энергетикасы жобасы қалай жүзеге асып жатқаны туралы есеп берді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев АЭС жаңа қала
фото: president.uz

Жизақ облысы Фориш ауданында жаңа АЭС құрылысы 2025 жылғы қазанда басталған. Төрт блоктан тұратын станцияның екеуіне қуатты реактор орнатылады. Шағын өндірісс 2029 жылы іске қосылады. Станция құрылысы 2035 жылы толық аяқталуы тиіс.

Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, қазір өңірде реактор ғимараты түсетін үлкен шұңқыр қазылып жатыр. Сонымен бірге жерді тегістеу, бетондау, арматуралар орнату секілді құрылыс базасына дайындық жұмыстары басталып кетті. Құрылысшылар үшін уақытша кешен салынған.

атом электр станциясы
Өзбекстанда алғашқы АЭС құрылысы басталып кетті / фото: «Өзатом»

Бұған қоса АЭС-ке қажетті құрылыс материалдарын өндіру жоспары пысықталды. Жоғары оқу орындарында станцияға қажежетті маман дайындау ісі қолға алынды.

Президентке болашақ станция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері тұратын моноқала құрылысының тұжырымдамасы көрсетілді. Жаңа шағын қала станциядан 16 шақырым жерде орналасады. Мұнда 10 мың адам тұрады. Моноқалада тұрмысқа қажетті инфрақұрылымдардың бәрі қарастырылған.

Алғашқы АЭС Өзбекстанның орталық өңірлерін – Жизақ, Самарқанд және Навои облыстарын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Оны салатын «Росатом» басшысы Алексей Лихачев өзбек атом станциясын «ғасыр жобасы» деп атаған.

Жизақтағы шағын АЭС-ке РИТМ-200Н су ядролық реакторы орнатылады. Әдетте оны атом мұзжарғыштарында қолданылады. Мұндай реактор құрлықта атом электр станциясына алғаш рет орнатылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз