Тойға дейін төсектес болғысы келген қалыңдық пен күйеу жігітті полиция ұстады

Малайзияның Джохор штатына қарасты Клуанг қаласында діни полиция бір айдан кейін үйленгелі жүрген қалыңдық пен күйеуді қамауға алды.
Mothership басылымының хабарлауынша, басқа қалада тұрған қыз жігітінің туыстарымен танысу үшін Клуангқа келген. Жігіт қалыңдығының пәк екенін тексеріп алу үшін қонақүйден бір бөлмені жалға алған.
Түнде қонақүйге діни полиция баса-көктеп кіріп келген. Қыз есікті бірден ашпай, нөмірде жалғыз екенін айтқан. Алайда полиция қызметкерлері оған сенбей, үстелдің астына тығылып қалған күйеу жігітті тауып алған.
Қалыңдық пен күйеу жігітке «халват» деп аталатын айып тағылды. Бұл – ер мен әйелдің заңсыз оңаша қалуын білдіретін діни құқықбұзушылық.
Бұған дейін Малайзияның Теренгану штатында екі әйелмен төсекте жатқан жерінен табылған 20 жастағы ер адам ұсталғаны хабарланған. Ол «қорқынышты кесірткелерден қашып, төсекке секірдім» деп ақталған.
Айта кететін жайт, малайзиялық компания Қазақстанда электромобиль шығармақ.