
Үй қамаққа алынған Гүлнәр Бажкенова әріптестеріне үндеу жариялады. Бұл жайлы оның адвокаты Мұрат Адам фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Достарым, мен сабырлымын және сынбадым, өзімді қорғаймын. Қазір үйқамақтамын, басқа амалым жоқ. Бұл кезең де аяқталады, заңдылық пен әділдікке үміт артамын. Қолдауларыңыз үшін рақмет – ол маған дәл қазір өте маңызды. Менің жанымда болғандарыңызға рақмет, сондай-ақ барлық әріптес-журналистеріме алғыс айтамын», – дейді журналист әріптестеріне.
Қорғаушы Мұрат Адам редакцияны тінту кезінде полицияның заңсыз әрекеттеріне және редакция мен Гүлнар Бажкеновадан алып кеткен мүлікке қатысты Бас прокуратура мен Алматы прокуратурасына шағымдар жолдағанын хабарлады. Сонымен бірге ол адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы өтініш те берген.
Еске салайық, Алматы полиция департаменті ORDA редакциясында және бас редактор Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізіп, журналиске қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бұл іске қатысты БАҚ өкілдерінің реакциясын мына жерден оқи аласыз.