Жаңалықтар

Жаңа тапсырыс жоқ: қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік құлдырады

Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік төмендеді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қарашада қызмет көрсету саласында өндіріс бәсеңдеп, іскерлік белсенділік соңғы 15 айдағы ең төмен деңгейге түсті. Freedom Holding Corp. пен S&P Global-дың PMI есебіне сәйкес, негізгі индекс 49,3-тен 48,7-ге төмендеп, секторда құлдырау тенденциясы күшейгенін көрсетті.

Белсенділіктің бәсеңдеуі, ең алдымен, Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің өте алмауы мен жаңа тапсырыс көлемінің азаюы себеп.

Жыл соңына жақындаған сайын жаңа тапсырыс өсімі бұрынғыдай серпінді болмай, наурыздан бергі ең әлсіз деңгейге түсті. Алты ай қатарынан бәсеңдеген бұл динамика нарықтағы сұраныстың әлсіздігін айқын көрсетіп, компаниялардың болашақ жоспарларын қайта қарауына себеп болған.

Сектордағы кадрлық саясат та осы жағдайдың ықпалын сезді: кәсіпорындар үшінші ай қатарынан жұмыс күшін оңтайландырған. Бұл бизнестің белгісіздікке қарамастан, кадрлық тұрақтылықты сақтауға тырысатынын аңғартады.

Қарашада шығын артты

Қараша айы қызмет көрсетушілер үшін шығыннның күрт өсуімен де есте қалды. Ресурстық шығындар бес ай ішіндегі ең жоғары қарқынмен қымбаттап, оған еңбекақы, жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер және шекарадағы ұзақ кезектен туындаған кедендік шығындардың артуы әсер етті.

Компаниялар бұл қысымды бағаға ішінара ауыстырғанымен, дайын өнім бағалары айтарлықтай өзгеріссіз қалды, алайда инфляциялық қысым салада әлі де жоғары деңгейде тұр.

Соған қарамастан, қарашада іскери сенім біршама артып, кәсіпкерлер болашақта сұраныс жанданар деген үміт білдірді. Оптимизм деңгейі тамыздан бергі ең жоғары шекке жеткенімен, алдағы қосылған құн салығына қатысты өзгерістерге қатысты белгісіздік бизнес жоспарларын кеңейтуге кедергі келтіріп отыр.

Аралас PMI көрсеткіштері де экономиканың жалпы көрінісін күрделендіре түсті: индекс қазанмен салыстырғанда аздап өссе де, жеке сектор белсенділігі үшінші ай қатарынан қысқарған күйі қалды.

Freedom Finance Global PLC Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пайымдауынша, Қазақстанның қызмет көрсету саласының қысқа мерзімде қайта серпілуі үшін бірқатар жүйелі мәселелер шешілуі тиіс.

Өйткені логистикадаңы тұрақсыздық, шығындардың өсуі және салыққа қатысты белгісіздік бизнес үшін негізгі тежегіш факторға айналып отыр.

Дегенмен сектордағы компаниялар ұзақ мерзімді перспективада сұраныстың қалпына келуіне үміт артып, тұрақтылықты сақтауға талпынып келеді.

Өткен айда Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі де іскерлік белсенділік әлсіреген.