2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызылады – Ерлан Нысанбаев

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бүгінде еліміздің орман қорына 1,4 млрд көшет отырғызылған / фото: primeminister.kz
Бүгінде еліміздің орман қорына 1,4 млрд көшет отырғызылған / фото: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы 2027 жылға дейін орындалады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Ол мемлекет басшысының елді ауқымды көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді. Оның сөзінше, бүгінде елдің орман қорына 1,4 млрд көшет отырғызылған.

Биыл 370 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Оның 270 млн-ы отырғызылды. Алдағы уақытта отырғызылатын ағаштарды сапалы материалмен қамтамасыз ету үшін келесі жылдан бастап алты орман тұқымы кешенінің құрылысы басталады. Атап айтқанда, Аралдың құрғаған түбінде көшеттерді өсіру үшін ауданы 30 гектарға дейінгі мамандандырылған тәлімбақ құрылады.

«Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 1,4 млрд көшет отырғыздық. 2026-2027 жылдары қойылған барлық міндеттер жүзеге асатын болады», – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Сонымен қатар, ол президенттің елді мекендерге ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы орындалған атап өтті. Жоспарлы көрсеткіштер асыра орындалған. Бүгінде республика бойынша 18 млн 100 мың дана отырғызылған.

Қазан айында Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, ағаш еккен еді.

Сондай-ақ оқыңыз