Алматыда тағы бір фельдшер қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
жедел жәрдем
Фото: Shuttertsock

Алматы қаласында жедел медициналық жәрдем қызметкері, 23 жастағы фельдшер Насиба Мұхтарқызы Жаңабаева қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмды. Қайғылы хабарды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады.

Насиба небәрі төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем станциясына жұмысқа тұрған. Қысқа уақыт ішінде ол өз ісіне жауапты, науқастарға әрдайым көмек көрсетуге дайын, жанашыр маман ретінде танылған. Туыстарына қайғыра көңіл айтамын, деп жазды министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласында тұрғын үйдің қасбеті құлап, жедел жәрдем қызметкерінің басына кондиционер құлап қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз