Жаңалықтар

АҚШ-та мас жанат дүкенді қиратып, ұйықтап қалған

Дүкен қызметкері қымбат ішімдіктің сынған бөтелкелерінің шашылып жатқанын көрген / фото: x.com/VirginiaABC
Дүкен қызметкері қымбат ішімдіктің сынған бөтелкелерінің шашылып жатқанын көрген / фото: x.com/VirginiaABC

АҚШ-та бір жанат арақ-шарап сататын дүкенге кіріп, ондағы заттарды талқандап, ішімдікке сылқия тойып алған.

ABC Virginia ақпаратына қарағанда, содан кейін дәретханаға кіріп, ұйықтап қалған.

Таңертең ерте Вирджиния штатының Ашленд қаласындағы дүкен қызметкері жұмысқа келгенде еденде қымбат ішімдіктің сынған бөтелкелерінің шашылып жатқанын көрген.

Мас жанат айықсын деп жануарларды паналататын орынға жіберген. Бірнеше сағаттан кейін есін жиған соң, ол теңселіп жүріп, табиғи мекеніне қайта оралған.

Ал Құлсарыда бұйдасынан босап кеткен түйе балаға шабуыл жасаған еді.