Жаңалықтар

Экс-депутат 65 млрд теңгеге саңырауқұлақ фермасы мен қоқыс зауытын салып жатыр

Дмитрий Шарапаев Петр Шарапаев
Экс-депутат ағасымен бірге 65 млрд теңгеге саңырауқұлақ фермасы мен қоқыс зауытын салып жатыр / Фото: Коллаж kursiv.media

Солтүстік Қазақстан облысында белгілі кәсіпкері Дмитрий Шарапаев 11 млрд теңгеге саңырауқұлақ фермасын ашуға дайындап жатыр. Шарапаевтың «Радуга» компаниясы 54 млрд теңгеге «Техноэкопарк» қоқыс өңдеу кешенін де салуда. Компанияның құрылтайшысы Дмитрий Шарапаевтың ағасы әрі бұрынғы мәжіліс депутаты Петр Шарапаев.

Орталық коммуникациялық қызметтіндегі брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Qyzyljar арнайы экономикалық аймағының аумағында қазақстандық кәсіпкерлерден екі ірі жоба іске асырылып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, жергілікті кәсіпкер Дмитрий Шарапаев жақын арада аймақта саңырауқұлақ фермасы мен органикалық тыңайтқыш зауытын ашады. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 11,3 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 1,2 мың тоннаға дейін саңырауқұлақ өсіріп, өңдеуді және жылына 5,2 мың тонна органикалық тыңайтқыш шығаруды жоспарлап отыр.

Тағы бір ірі кәсіпорын – «Техноэкопарк» экологиялық жобасы. Оған қоқыс сұрыптау кешені, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, қағаз бұйымдары фабрикасы, картон комбинаты және металл-пластик бұйымдар зауыты кіреді. Кешеннің қуаттылығы жылына 225 мың тоннаны құрайды. Жобаға 54,6 млрд теңге инвестицияланады.

Бұған дейін БАҚ екі жобаны – саңырауқұлақ фермасы мен «Техноэкопарк» – «Радуга»компаниясы жүзеге асырып жатқанын жазған болатын. EGov мәліметтері бойынша оның құрылтайшылары кәсіпкер Дмитрий Шарапаев және оның ағасы Петр Шарапаев. 2016-2019 жылдар арасында Петр Шарапаев мәжіліс депутаты болған.

Радуга компаниясын ағайынды Шарапаевтар мен олардың әкелері 1994 жылы құрған және бояу өндірісімен айналысқан. Қазіргі уақытта ол әртүрлі тауарлар түрлерінің – тамақ өнімдерінің (тұқымдар, кеспе, жарма), жеке күтім заттарының, шаруашылық тауарларының және металл мен пластиктен жасалған түрлі бұйымдардың тұтас кешенін қамтиды.

Осыған дейін СҚО-ға жүргізілген аудит нәтижесі жарияланғаны жайлы жазған едік. Аудит нәтижесінде көрсетілгендей өңірде облыстан көшу, мектеп мәселесі өзекті болып отыр.