Алматыда жер сілкінді (видео)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі жер сілкінді жерасты дүмпуі
фото: shutterstock

4 желтоқсанда, түскі сағат 12:44-те Алматы қаласында жер сілкінді. Жерасты дүмпуінің ошағы мегаполистен 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісі Қазақстан мен Қырғызстан аумағында да сезілді.

Үш өңірде жер сілкінді

Earthquakelist.org мәліметінше, дүмпу қуаты 6,4 балл болды. Алматы қаласында – 3 балл.

Дүмпуді Қазақстанның «Сейсмологиялык зерттеу институтының» станциялары да тіркеді. Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер мен ғимарат қирағаны туралы мәлімет түспегенін хабарлады. Құтқарушылар ақпаратты анықтап жатыр.

Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарындағы елдімекен тұрғындары да жер сілкінісін сезді:

  • Алматы облысы – Қонаев қаласы – 2 балл (336 км);
  • Жетісу облысы – Талдықорған қаласы – 2 балл;
  • Жамбыл облысы – Шу қаласы – 2 балл.

Алматы қаласының тұрғындары үйлер мен ғимараттардан жаппай шығып жатыр. Олар алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға баруы тиіс.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

  • Дүмпу кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген уақытта лифтіге мінбеңіз, баспалдақпен жүрмеңіз;
  • Жиhаздан, терезеден мейлінше алшақ тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз – жоғары қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттар тұрсаңыз); көп қабатты үйлерде дүмпу аяқталған соң ғана ғимараттан шығыңыз;
  • Мүмкіндік болса, үйден шығардан бұрын суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Дабыл дорбасын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерінен, ғимараттан, ағаштардан аулақ жүріңіз;
  • Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Сондай-ақ оқыңыз