Тоқаев Коштаны «Достық» орденімен марапаттады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Токаев наградил Кошта
Тоқаев Коштаны «Достық» орденімен марапаттады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің басшысы Антониу Коштаға I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бұл жоғары награданы Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы берік достықтың жарқын белгісі, Сізге көрсетілген құрметіміз ретінде қабыл аласыз деп үміттенемін. Қазақстан мен ЕО арасындағы табысты серіктестіктің одан әрі дамып, достығымыздың беки беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Антониу Кошта марапатқа алғысын білдіріп, оны Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сенім символы деп атады.

«Бүгін көрсеткен құрметіңізге дән ризамын. Мұны сенім мен диалогты нығайтудың, тұрақтылықты, өркендеуді және ашықтықты қамтамасыз етуге ортақ ұмтылысымыздың көрінісі деп бағалаймын», – деді Антониу Кошта.

Антониу Кошта Астанаға ресми сапармен келген еді. Тоқаев пен Кошта Ақордада келіссөздер жүргізді. Тараптар Еуроодақ Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктесі болып қала беретінін атап өтті. Өткен жылы тауар айналымы шамамен 50 млрд доллар құрады, ал 2005 жылдан бастап инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 200 млрд доллар болды.

Сондай-ақ оқыңыз