
Биыл елдегі ЖРВИ мен тұмау маусымы әдеттегіден ерте басталды. Бұл жағдайда қандай ем алу керек? Астанадағы №2 қалалық емхана педиатры Раушан Тектібаева кеңес береді.
«Балалар бір-біріне жұқтырды. Қалада ЖРВИ мен тұмау бірдей таралып жүр. Вирустық инфекция жеңіл өтеді, температураны төмендететін дәрілер көмектеседі, ал тұмау әлдеқайда ауыр өтеді. Жоғары температура байқалады, оны түсіру қиынға соғады. Баланың жағдайы әлсірейді, интоксикация байқалады. Қосымша жөтел, мұрын бітелуі пайда болады», – дейді дәрігер.
Педиатр ата-аналарды өз бетінше емделмей, алғашқы симптомдар пайда болғанда дереу дәрігерге қаралуға шақырды.
«Төсекте демалу қажет. Көптеп жылы сусын ішкізу керек – су, компот, морс. Қантты шырындар мен газдалған сусындарды уақытша беруге болмайды. Бөлмені үнемі желдетіп, дымқыл күйге айналдыру керек, баланы орап тастауға болмайды. Солғын тартып тұрғындықтан, тоңып тұрғандай көрінуі мүмкін, соның әсерінен қалың киіндіргендіктен, дене қызуы тіптен көтерілуі мүмкін», – деп кеңес береді маман.
Температураны түсіретін бірнеше дәріні уақытта беруге болмайды. Дәрі берілгеннен кейін температура дереу 36,6 градусқа түсуі керек деп ойлау қажеті жоқ. Бір-екі градусқа төмендесе де, дәрінің әсер етіп жатқанын білдіреді.
Тұмау кезінде қабыну, пневмония, фарингит, тонзиллит және тағы басқа асқынулар болуы мүмкін. Көздің конъюнктивиті, қызаруы, мұрыннан қан кету де байқалуы мүмкін.
Антибиотикке үйір болмаңыз
Мамандар бірден антибиотикке жүгірмеуге кеңес береді. Олар тұмау мен ЖРВИ-де көмектеспейді. Себебі ауру вируста, оған антибиотик қажеті жоқ.
«Біз оларды тек қабыну немесе пневмония секілді асқынулар болғанда ғана тағайындаймыз. Ондай жағдайда да дәрігердің нұсқауымен, баланың жасын, салмағын және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып қабылдау керек. Өз бетімен бастауға болмайды, өйткені басқа дәрілер сияқты жанама әсері бар. Қате дозада қолданса, бауыр мен бүйрекке зақым келтіруі мүмкін. Тіпті вирусқа қарсы дәрілерді де тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану қажет», – деп қорытындылайды Раушан Тектібаева.
Қарашаның соңғы аптасында елдегі тұмау қатты өршіді. Елдің 13 өңірінде оқушылар қашықтан оқуға жіберілді.
26 қарашада ЖРВИ жұқтыру деңгейі күрт өсіп, 21 451 жаңа жағдай тіркелді.