Атырау облысында діни ахуал тұрақты ма – әкім жауабы

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі экстремизм ахуалы және никабқа салынған тыйымның әсері туралы айтты.

Брифинг барысында әкімнен экстремизм мен никабқа тыйым салу туралы заң өңірдегі жағдайға қалай әсер етуі мүмкін екені жайлы сұрады. Серік Шәпкеновтің айтуынша, алаңдауға негіз жоқ.

«Экстремизмге қатысты айтар болсам, бізде жағдай тұрақты. Бұл бағытта профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Ал никабқа келсек, бұл шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданды. Қазіргі таңда түсінбеушілік жоқ, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», –  деді Серік Шәпкенов.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа бірыңғай заңды қабылдады. Ондағы түзетулердің бірі, қоғамдық орындарда бетті тұмшалауға кедергі келтіретін киімді (никаб) киюге тыйым салу. Бірінші рет бұзған жағдайда ескерту беріледі, ал қайталанса – 10 АЕК (43 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыз