Облыс әкімі орысша сабақ бергісі келетін мұғалімдерді Атырауға жұмысқа шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ОКҚ

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірде орыс мектептерінде сабақ беретін мұғалімдердің тапшы екенін айтты.

Әкімнің айтуынша қазір өңірде 11 үшауысымды мектеп барын айтады. Олардың дені орыс мектептері. Оның басты себебі маман тапшылығында болып отыр.

«Үш ауысымды болып отырған себебі, мектептің жоқтығында емес, орысша сабақ беретін мұғалімдердің тапшылығында болып отыр. Біз жыл сайын осы мамандықтар бойынша әкімдіктің грантын бөлеміз. Сол грант бойынша немесе қолдау көмектері арқылы мамандарды тартып отырмыз. Көп мектептер қазақша болғандықтан, орыс мектептері үшауысымды болып отыр», – деді өңір басшысы Астанада өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ, Серік Шәпкенов орысша сабақ бергісі келетін мұғалімдерді өз өңіріне жұмыс істеуге шақырды. ге шақырады

«Осы сәтті пайдалана отырып орыс мектептерінде сабақ беремін және Атырауға келіп жұмыс жасаймын деген мұғалімдер болатын болса, шақырамын«,–  деп үндеу тастады аймақ әкімі.

Айта кетейік, мұнайлы аймақтарда жұмыс орындары көп болғанымен, кейбір өңірлерде жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары. Мұнай-газ саласындағы жұмыс күшінің басым бөлігі сырттан келетін жұмысшылардан тұрады. Бұдан жергілікті тұрғындарға жұмыс орындары азайып, әлеуметтік шиеленіс тудырады.

Сондай-ақ оқыңыз