85 мың теңге айлық алатын азаматтар үйді қалай ала алады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Алматы жастар тұрғын үй бағдарламасы баспана
фото: shutterstock

Мәжілістің қоғамдық палатасы елдегі баспана мәселесін талқылап жатыр. Отырыстан кейін кулуарға шыққан Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновке Kursiv.Media тілшісі аз қамтылған азамататарды баспанамен қамту мәселесі жайлы сұрақ қойды.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде жалға берілетін тұрғын үйлер бар және олар үшін бастапқы жарна талап етілмейді. Егер азаматтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, ол мұндай жалға берілетін үйді тегін ала алады. Сонымен қатар тұрғындар бұл үйлерде 10–20 жылға дейін ақысыз тұру мүмкіндігіне ие.

«Мысалы, 10 жылдан кейін алғашқы жарнаға жететіндей қаражат жинасаңыз, сол үйді жекешелендіре аласыз. Осындай қосымша механизм енгіздік. Қазір бізде 70 мыңнан астам адам жалға тұрады. Оның 13 мыңнан астамы жекешелендіру үшін өтініш берген. 10 мыңнан астамы жекешелендіру құқығын алды, шамамен 10 мыңдай азамат тұрғын үйді толық мерзімінен бұрын жапты. Үш мыңнан астамы несиеге алды. Ал қалғандары – тегін жекешелендіруге жататын санаттар. Олар үшін бөлек жалға берілетін тұрғын үйлер бар. Егер азамат бірінші немесе екінші санатқа жатпаса, онда ол тегін жекешелендіріледі», – деді вице-министр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бұған дейін елдегі тұрғын үй нарығына сұраныс күрт өсуін компаниялардың әсері деп мәлімдеген еді. Нағаспаевтың айтуынша, министрлік жекеменшік құрылыс компанияларына ықпал ете алмайды және нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын бағаны реттемейді.

Сондай-ақ оқыңыз