Жаңалықтар

Албанияның ЖИ-министрін жемқорлыққа барды деп айыптап, өшіріп тастады

Албания ЖИ министрі
фото:Newsbar сайтынан

Албанияның ЖИ министрі Диелланы пара алды деп айыптап, оффлайн-режимге ауыстырып, өшірді. Ол 14 биткойн немесе 1,3 млн еуро алды деген күдік бар деп мәлімдейді прокуратурадан.

Newsbar жазуынша, тергеушілер ЖИ-министр жұмысынан күдікті транзакциялар тапқан. Әрбір мемлекеттік келісім-шарттың 15%-ын белгісіз шотқа аударып отырған. Диелла оны «стандартты операциялық протокол» деп көрсеткен.

Албания Цифрландыру министрлігінің бас инженері Лулзим Баша түсіндіруінше, ЖИ 1994-2004 жылдар аралығындағы елдің мемлекеттік сатып алу деректеріне талдау жасап шыққан.

«Диелла бір заңдылықты байқаған: жобаның іске асуы үшін соманың 10–15 пайызы бөгде есепшотқа аударылуы керек. Ол мұны ҚҚС төлеу сияқты заңды міндеттеме деп ойлаған», – дейді маман.

Тергеу министр криптовалютаны өз мүддесіне жұмсамақ болған деп есептейді. Қолға түсірілген логтарда жасанды интеллект Шэньчжэньдік хакерлермен келіссөз жүргізгені байқалған. Қазір прокуратура бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Осы жылы күзде Албания ЖИ министрді тағайындаған еді. Бірақ оппозиция оның жұмысын сынға алған.