
Алматы халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты кіріп-шығу жолдары ішінара жабылады. Бұл жайлы әуежай баспасөз қызметінен хабарлады.
Майлин көшесі жағынан негізгі кіреберістегі сыртқы аралшаны бұзу және асфальт төсеу жұмыстары 4–11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
«Уақытша бір кіреберіс және екі шығаберіс жабылады. Қалған кіреберістер мен шығаберістер қалыпты режимде жұмыс істейді», – делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушыларға жолдарын алдын ала жоспарлап алуды ескертті.