
Дәулет Тұрлыханов Instagram парақшасында Қазақстан күрес Федерациясы Президентінің өкілеттігін тоқтатқанын хабарлады.
«Құрметті достар, әріптестер! Бүгін мен Қазақстан күрес федерациясының Президенті қызметін аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл сәтті мен терең алғыс сезімімен және ішкі тыныштықпен қабылдаймын», – деп жазды ол.
Ол өзі Федерация басшысы болған кездегі жетістіктер туралы айта кетті:
- Париж Олимпиадасының күміс медалі-2024;
- Ересектер арасындағы 3 әлем чемпионы;
- 23 жасқа дейінгі 3 әлем чемпионы;
- 20 жасқа дейінгі 4 әлем чемпионы;
- 17 жасқа дейінгі 4 әлем чемпионы.
Дәулет Тұрлыханов қазақстандық күрестің табысы үшін өзін аямаған бүкіл команданың еңбегі екенін атап өтті.
Қазақстан күрес федерациясының жаңа басшысы Еркін Оқасов болды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.