Жаңалықтар

Футболдан Әлем чемпионаты жеребесінің тікелей трансляциясы

фото: FIFA.com

5 желтоқсан күні сағат 22:00-де Вашингтондағы Джон Кеннеди орталығында 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Жанкүйерлер жеребе тарту рәсімін Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

2026 жылғы мундиаль Канада, АҚШ және Мексика елдерінде 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Биылғы турнир жаңа форматта: жалпы саны 48 құрама, 12 топ. Әр топта 4 командадан болады.

Әлем Чемпионаты қай елдер қатысады?

Үш қожайын ел: Канада, Мексика және АҚШ жеребенің бірінші себетіне орналастырылған. Сонымен қатар Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Бельгия және Германия да үздік құрамалар қатарында.

Екінші себетте: Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Австрия және Австралия.

Үшінші себетте: көршілес Өзбекстан, Норвегия, Панама, Мысыр, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Катар, Сауд Арабиясы және ОАР.

Төртінші себеттің қатысушылары толық анықталмаған. Қазірше онда Гана, Иордания, Кюрасао, Кабо-Верде, Гаити мен Жаңа Зеландия бар. Қалған командалар Еуропа іріктеуінің плей-офф кезеңінен және аралық құрлықаралық матчтардан кейін қосылады. Жолдамалар 2026 жылдың наурызында анықталады.

Жеребе ережесіне сәйкес, бір топқа бір конфедерациядан екі командадан артық түсе алмайды. Тек Еуропаға қатысты жеңілдік бар, бір топта екі еуропалық құраманың болуына рұқсат.

2026 жылғы Әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 команданың қатысуымен өтеді. Реформа нәтижесінде төрт құрама дебют жасайды: Өзбекстан, Иордания, Кабо-Верде және Кюрасао.