Геннадий Головкин есімі халықаралық даңқты боксшылар тізіміне енді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: kursiv.media архиві

Геннадий Головкин (GGG) есімі 2026 жылы Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енгізілетін спортшылар тізіміне ресми түрде кірді. Сонымен қатар америкалық Антонио Тарвер мен британдық Найджел Бенн де даңқты боксшылар тізіміне қосылмақ. Бұл туралы RingMagazine хабарлады.

Ресми ақпарат 4 желтоқсанда Халықаралық Даңқ залының X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. Салтанатты енгізу рәсімі 2026 жылдың 11–14 маусымы аралығында, Нью-Йорк штатының Канастота қаласында өтеді.

Головкин – бұл құрметке ие болған алғашқы қазақстандық боксшы. Сондай-ақ посткеңестік кеңістіктен Даңқ залына енген төртінші спортшы атанып отыр. Бұған дейін Костянтин Цзю мен ағайынды Владимир және Виталий Кличколар енген.

Головкиннің мансабы

GGG әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, 345 рет жеңіске жеткен. Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі болды.

Головкиннің 23 нокауттық жеңістен тұратын сериясы орта салмақтағы ең ұзақ рекорд ретінде тарихқа енген. Сонымен қатар орта салмақта 21 рет титулын сәтті қорғаған – бұл да рекордтық көрсеткіш. Оның 90%-дан жоғары нокаут пайызы Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Генадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының президенті болып тағайындалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз