
«Дүниежүзілік алтын кеңесі» ( WGC) 2026 жылға арналған жаңа талдауында төрт түрлі сценарийді қарастырып, олардың әрқайсысы алтын нарығын мүлде басқа бағытқа бұра алатынын айтады. Сол траекториялардың ең күрделісі іске асса, алтын құны унциясына 5 000–5 200 доллар деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін.
Бұл – WGC анықтаған ең мазасыз әрі алтын үшін ең қолайлы сценарий. Жаһандық экономика күтпеген жерден баяулап, геосаяси және геоэкономикалық шиеленіс күшейеді. Сауда кедергілері, аймақтағы даулар немесе жаңа дағдарыс ошағы экономикалық сенімге салмақ түсіреді.
Кәсіпорындар инвестицияны қысқартады, халық тұтынуды азайтады. Экономикалық шиеленіс өзін-өзі күшейтетін спиральге айналуы мүмкін. АҚШ-та инфляция ФРЖ нысанынан төмендеген сайын мөлшерлемелерді шұғыл түсіруге тура келеді, осының нәтижесінде доллар әлсіреп, ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың кірістілігі төмендейді.
Осындай ортада алтын әлем талап ететін басты «құтқарушы активке» айналады. WGC есебінше, 2026 жылы оның бағасы 15–30% аралығында өсіп, 5 000 доллар межесінен сенімді түрде асуы ықтимал. Негізгі қозғаушы күш – ETF қорлары тарапынан қайта жанданып отырған инвестициялық сұраныс. Соңғы екі жылда мұндай қорлар өз қоржынына 700–850 тонна алтын қосқан
Екінші сценарий
Бұл сценарийде әлемдік экономикада терең дағдарыс болмайды, бірақ шаршаңқы өсім байқалады. АҚШ-тағы көрсеткіштер аралас шығып, еңбек нарығының қарқыны төмендейді. Инвесторлар тәуекелді активтерден біртіндеп бас тартқан сайын алтынға деген сұраныс күшейеді.
Жасанды интеллект секторына байланысты үміттің қайта қаралуы да нарықта түзету тудыруы мүмкін. Осы жағдайда ФРЖ мөлшерлемелерді күткеннен көбірек төмендетеді, бұл алтын бағасына да оң әсер етеді.
WGC болжамы бойынша, алтын 5–15% қымбаттап, 4 200–4 600 доллар деңгейінде орнығуы мүмкін. Дамушы елдердің орталық банктері, Қытайдағы сақтандыру компаниялары мен Үндістанның зейнетақы қорлары да металға деген тұрақты сұранысты арттырады
Үшінші нұсқа: «Макроконсенсус»: алтын тыныш дәуірге өтеді
Нарықтың қазіргі күтілімдері негізге алынған бұл сценарий алтынға ерекше серпін бермейді. Әлемдік өсім 2,7–2,8% деңгейінде сақталып, ФРС мөлшерлемені бар болғаны 75 б.п. төмендетеді. Доллар сәл нығайып, инфляция да баяу бәсеңдейді.
Мұндай жағдайда алтын бағасы аса өзгеріссіз, тар дәлізде саудаланады. WGC бұл сценарийді «символдық тыныштық» ретінде сипаттайды, бірақ макроэкономика көбіне нарық болжамына бағынбайтынын ескертіп, консенсус нұсқасының жиі қателесетінін атап өтеді.
2025 жылы Қазақстан Ұлттық банкі 32,4 тонна алтын сатып алды. Қазір ол әлем елдері арасында екінші орында тұр. Бірінші орындағы Польша биыл 67,1 тонна алтын алған.